Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл!

    Қазақ Тәуелсіздігіне - 25 жыл!

     25

       "Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын"

                                                                                                                   Н.Ә.Назарбаев

          1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қаматамасыз ету стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан - тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. "Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытта кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді" - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танытып отыр. 
         Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу - біздің буынның бағыты болуы тиіс. 
        Тәуелсіздік - ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының "Қазақстанның тәуелсізідігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзіннің ежелгі жерінде қиялы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс" - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. 
         Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 
          Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын. 
    12.07
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки